Мырзағали Айтжанов: Менің ойымша, Бибосынов жеңді

Azattyq Rýhy

Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбекстандық Хасанбай Досматовтан жеңіліп қалды

Мырзағали Айтжанов: Менің ойымша, Бибосынов жеңді
Фото: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жектерін қорытындылады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Жігіттер қолдан келгеннің бәрін істеді, аянып қалмады. Бірақ кімнің қолын көтерді, сол жеңімпаз болып қалады.

Өкініштісі сол, біздің боксшылар үшін Париж Олимпиадасы ең нашар ойын болып тұр. Токиода екі қола болсақ, қазір оған да жете алмай қалдық.

Бибосынов пен Досматовтың кездесуіне келер болсақ, менің ойымша, Сәкен жеңді. Бірінші және екінші раундты Сәкенге беруге болады. Ал үшінші раундта 3:2 есебіне біз де, қарсылас та лайық болдық.

Енді біз қолдан келгенше аянбадық. Қалғанын ринг көрсетті», - дейді Айтжанов.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында өзбекстандық Хасанбай Досматовтан жеңіліп қалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.