28.07.2024, 10:43
Спорт
Елдос Сметов финалда даңқты дзюдошы Такатоның кимоносын киіп шыққан
Ол Олимпиаданың финалында франциялық Лука Мхеидзені ұтып, алтын медаль иегері атанды
Фото: Наохиса Такатоның парақшасынан
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалдық белдесуінде Жапонияның даңқты дзюдошысы Наохиса Такатоның кимоносын киіп шыққан. Бұл туралы Такато әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Елдос Сметов мен сыйлаған дзюдо кимоносын киіп шығып, чемпион атанды», - деді ол өз жазбасында.
Айта кетейік, Елдос Сметов Олимпиаданың финалында франциялық Лука Мхеидзені ұтып, алтын медаль иегері атанды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды