17.07.2024, 09:30
Спорт
Бүгін отандық спортшыларды Париж Олимпиадасына аттанады
Жарыста 25 спорт түрінен 80 қазақстандық өнер көрсетеді
Фото: t.me/satzhangram/
Бүгін отандық спортшыларды Парижге шығарып салу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысының олимпиадалық дайындық орталығында Қазақстан ұлттық құрамасын Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан спортшылары 92 олимпиадалық лицензияны жеңіп алды. Парижде 25 спорт түрінен 80 қазақстандық өнер көрсетеді.
Бірінші борт 20 шілдеден бастап ұшады деп жоспарланып отыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
