Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

Azattyq Rýhy

Футболшының трансферлік құны 180 миллион еуроға бағаланып отыр

Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
Фото: Реал Мадрид ФК

Франциялық аяқдоп шебері Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық «Реал Мадрид» командасының ойыншысы атанды. Бүгін «Сантьяго Бернабеу» стадионында футболшыны салтанатты түрде таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған шараны тамашалауға 80 мыңнан астам жанкүйер мүмкіндік алды.

25 жастағы ойыншы Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында өнер көрсеткен. 2024 жылдың мамыр айында ол командадан кететінінін ресми түрде мәлімдеді.

Салтанатты шара кезінде Мбаппе арманындағы клубтың бір мүшесі болғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Мен бақыттымын. Арманымның орындалғанына қуаныштымын. Өмірімді осы клубқа арнаймын. Hala Madrid!», - деді Килиан.

Жаңа командада 9 нөмірмен өнер көрсететін Килиан Мбаппе клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.