Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Румыниядан жеңіліп қалды

Azattyq Rýhy

Матч Алматының «Орталық» стадионында өтті

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Румыниядан жеңіліп қалды
Фото: Ol

Әйелдер арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Румынияны қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Матч Алматының «Орталық» стадионында өтті. Румыния ойыншылары Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз үш гол соғып жеңіске жетті.

Төрт күннен кейін Мадияр Кембілов шәкірттері Болгариямен София қаласындағы «Славия» стадионын кездеседі. Ойынның басталуына сағат 22:00-ге жоспарланған.

Қазақстан W - Румыния W - 0:3 (0:2)

Голдар: Карп 17, Олар 40, Иордакьюзи 60

Қазақстан W:  Портнова (Қ), Бурова (Власова 73), Айтымова, Нұрышева, Мясникова (К), Демидова, Тұрлыбекова (Низамутдинова 26), Құлмағамбетова (Қожабекова 73)), Бибосынова, Гайстенова (Попова 86), Қаражанова (Талдыкина 73);

Қосалқы құрам: Исмайылова (Қ), Зейнали (Қ), Талдыкина, Алданазар, Норбаева, Ержанова, Тучина, Совет;

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.