11.07.2024, 11:45
Спорт
Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына шықты
Жартылай финал 11 шілде сағат 18:45-те басталады
Фото: ligaolahraga.com
Қазақстан атынан шыққан Уимблдон-2022 жеңімпазы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рыбакина жартылай ширек финалда әлемнің 21-ракеткасы – украиналық Элина Свитолинамен кездесіп, басым түсті – 6:3; 6:2. Матч 1 сағат 1 минутқа созылды.
Жартылай финалда латвиялық әлемнің төртінші ракеткасы чех Барбора Крейчиковамен кездеседі.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, астаналықтар жартылай финалды Тұран, 4/2 мекенжайында орналасқан Ұлттық теннис орталығында ашық аспан астында тамашалай алады. Жартылай финал 11 шілде сағат 18:45-те басталады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды