Нұрбек Оралбай Парижде Қытайдағы этникалық қазақ боксшысымен жұдырықтасады

Azattyq Rýhy

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта бокстасады

Нұрбек Оралбай Парижде Қытайдағы этникалық қазақ боксшысымен жұдырықтасады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Ұлттық Олимпиада комитеті бокстан ұлттық құраманың мүшесі Нұрбек Оралбайдың Париж Олимпиадасындағы жекпе-жектерінің анонсын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұрбек Оралбай Қытай, Куба, Украина, Филиппин елдерінің спортшыларына қарсы өнер көрсетеді. Қарсыластарының арасында этникалық қазақ, Қытай намысын қорғайтын әлем чемпионатының күміс жүлдегері Тоқтарбек Таңатқан да бар.

Сонымен қатар, Оралбай Арлен Лопес (Куба), Александр Хижняк (Украина),  Эумир Марсьяль (Филиппин), Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан) сынды боксшылармен жұдырықтасады.

«Сондай-ақ, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Вандерлей Перейра (Бразилия), Азия чемпионы Хуссейн Ишаиш (Иордания), ӘЧ қола жүлдегері Сальваторе Кавальяро (Италия)  және біздің Нұрбек Оралбай мықтылар санатында. 80 келідегі бәсекелестер деңгейі өте жоғары. Олимпиаданың сәнін келтіретін де осы бақталастық болмақ. Оралбайдың жеңіс тұғырына шығатын мүмкіндігі мол», - деп жазды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.