03.07.2024, 12:45
Спорт
Қазақстан азаматтығын алған ресейлік спортшы еліміздің әнұранын жаттап жүр
Ол енді Қазақстанның намысын қорғайды
Фото: спортшының жеке архивінен
Жаңа маусымнан бастап Қазақстанның атынан шыққан бұрынғы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина еліміздің әнұранын үйреніп жүргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спортшы бұл жайында РИА Новостиге берген сұхбатында айтқан.
Төрт секіру және үш еселенген Аксель иегері 17 жасар Самоделкина мамыр айында Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясынан шығып, Қазақстанға ауысқан.
«Қазақстанның әнұранын жаттай бастадым. Дұрыс айта алам ба білмеймін, бірақ тырысамын»- деді Самоделкина.
Айта кетейік, бұған дейін София 15-18 шілде аралығында Қарағандыда өтетін ел чемпионатында алғаш рет қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы мәртебесінде өнер көрсетеді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы