$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.06.2024, 11:11
Спорт

Қазақстанда спортшылар жалған атақ алып жүрген

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады

Қазақстанда спортшылар жалған атақ алып жүрген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қазақстанда спорт атақтарын негізсіз берген адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
 

«Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімовтің жалған спортшыларға «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз беру туралы бейнеақпараты зерделенді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақытылы ден қойып, сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды», - деп хабарлады Антикор.


Антикор Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізген.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Әшімов өз мәлімдемесінде Тараз қаласында спортқа мүлде қатысы жоқ Малдатаев Әділбек Бауржанұлы «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» деген атақ алғанын, ал оның ұлы Бауыржан Әли Әділбекұлы әлем чемпионы атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алғанын жазған болатын.

Azattyq Rýhy тиісті тараптардан бұл іске қатысты қосымша мәлімет сұратты.

Серіктес жаңалықтары