«Барыс» Ресейдің ортаңқол хоккейшісін қатарына қосатын болды

Azattyq Rýhy

Онымен бір жыл мерзімге біржақты келісім жасалған

«Барыс» Ресейдің ортаңқол хоккейшісін қатарына қосатын болды
Фото: Sports.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының бұрынғы мемлекеттік жаттықтырушысы Сергей Шавернев «Барыстың» ресейлік шабуылшы Даниил Апалковпен келісімшартты ұзартқаны туралы пікірімен бөлісті. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол «Барысқа» алғаш келгендегі күші белгісіз болды. ҚХЛ-дың деңгейіне бірден кіре алмады. Бірақ көп ұзамай күшіне енді. Ол ойынды жақсы түсінетін өте тәжірибелі ойыншы. Енді бәрі оған байланысты. Ол маусымға дайындықты қалай бастайды, «Барыста» қандай ойыншылар шығады. Оның үстіне Даниил басқалармен салыстырғанда қомақты ақша үшін ойнаған жоқ. Оның келісімшартының ұзартылуы дұрыс шешім», - дейді маман.

Айта кетейік, ойыншымен бір жыл мерзімге біржақты келісім жасалған. Апальков «Барысқа» 2023 жылдың күзінде ауысып, «Астана» жейдесінде 35 кездесу өткізіп үлгерді. Ол 6 гол, 8 нәтижелі пас жасады, оның 22 ойынының орташа ұзақтығы 19 минут.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.