$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су тасқынының салдары: «Челси»-дің атақты ойыншысы Ақтөбеге келді

Клод Макелеле  су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларына қолтаңбасын берді

Су тасқынының салдары: «Челси»-дің атақты ойыншысы Ақтөбеге келді
Фото: gov.kz

Франция ұлттық құрамасы мен ағылшындық «Челси» командасының бұрынғы ойыншысы Клод Макелеле Ақтөбеге келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс әкімінің ресми сайты хабарлағандай, ол су тасқынынан кейін үйінен айырылған отбасылардың жағдайымен танысқан. Айта кетейік, су тасқыны кезінде зардап шеккен адамдар қазір Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жатақханасындағы уақытша орналастыру пунктінде жатыр.

«Сондай-ақ ол  жатақханадағы отбасылардың балаларына естелік ретінде қолтаңбасы бар доп сыйлады. Ол болашақта футболист болғысы келген балаларға доп тебудің қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін айтып, сондай-ақ үлкен спорттағы өмірі, тәжірибесі туралы сөз қозғаған», - деп хабарлайды облыс әкімінің сайты.

Айта кетейік, аты аңызға айналған футболшы Ақтөбе қаласына «Super bol»! шарасынығ құрметті қонағы ретінде келген болатын. 

Серіктес жаңалықтары