«Жылдам гол соғып алдық»: Грекияның қақпашысы Қазақстанға қарсы тактика туралы айтты

Azattyq Rýhy

Қазақстан сырт алаңда 0:5 есебімен ұтылды

«Жылдам гол соғып алдық»: Грекияның қақпашысы Қазақстанға қарсы тактика туралы айтты
Фото: BSR Agency/ Getty Images

Англияның «Ноттингем Форест» және Грекия құрамасының қақпашысы Одиссеас Влаходимос Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасын қалай жеңгендері туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Парижде өтетін Еуропа чемпионатының жалғыз жолдамасы үшін Ұлттар лигасының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Грекиядан 0:5 есебімен ұтылды. Бұл кездесу Грекияның астанасы Афинада өтті.

«Біз Қазақстан құрамасының басым жақтары туралы білдік. Бұл құрама қиын қарсылас, ол өткен жылы ЕУРО-ға іріктеу кезеңін жақсы өткізді. Мен өз командамның ойынына ризамын. Біздің жеңісімізге не себеп болды? Біз алғашқы минуттардан бастап белсенді ойнап, жылдам гол соғып алдық. Ал ары қарай оңай болды», - деді грек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.