17.03.2024, 17:34
Спорт
Қазақстандық спортшы ресейлік қарсыласын жойқын соққымен құлатып түсірді
Отандасымыз нокдаунға да түсіп қалды
Қазақстандық спортшы Әлихан Жақыпов Екатеринбургте (Ресей) Rock hard 6 жұдырықтасу турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жақыпов ресейлік Артем Зуповпен күш сынасты. Жекпе-жек барысында қазақстандық нокдаунға түсіп қалды, бірақ артынша керемет камбэк жасай білді және қарсыласын бір соққымен нокаутқа жіберді.
«Зупов ара қашықтықты қысқартпақ болды. Раундтың ортасында Артем қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ Әлихан жекпе-жекті жалғастыра білді. Көп ұзамай Әлихан Артемның бүйірінен күшті соққы жасады. Артем аяғынан тұрғандай көрінген, бірақ төреші жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермеді», - деп жазады RCC баспасөз қызметі.
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
