17.03.2024, 11:50
Спорт
Сербиядағы турнир: 8 боксшымыз финалға шықты
Сенбі күні шаршы алаңға шыққан төрт боксшының бәрі де жеңіске жетті
Фото: yarnovosti.com
Сербияның Белград қаласында бокстан өтіп жатқан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалында финалға шыққан спортшылар анықталды. Ел намысын қорғаған 12 спортшының 8-і финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, сенбі күні шаршы алаңға шыққан төрт боксшының бәрі де жеңіске жетті. 71 келіде Сабыржан Аққалықов монтенегролық Стефан Савковичті жеңсе, Диас Молжігітов (75 кг) ресейлік Джамбулат Бижамовты тізе бүктірді. 80 келді Ерасыл Жақпеков сербиялық Златко Турковичтен айласын асырса, Данияр Рахымбердинов (92 кг) тағы бір шаршы алаң иесі Мирослав Савичті қапы қалдырды.
Сонымен, Belgrade winner турнирінің финалында мына боксшыларымыз күш сынасады:
- 48 келі: Ернұр Қайрат;
- 51 келі: Санжар Тәшкенбай;
- 54 келі: Дәулет Молдашев;
- 71 келі: Сабыржан Аққалықов;
- 75 келі: Диас Молжігітов;
- 80 келі: Ерасыл Жақпеков;
- 92 келі: Данияр Рахымбердинов;
- 92+ келі: Олжас Боқаев.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады