Елена Рыбакинаны теннистен Қазақстан құрамасының құрамына кіргізбеді

Елена үшін биыл Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсету маңызды

Елена Рыбакинаны теннистен Қазақстан құрамасының құрамына кіргізбеді
Фото: ktf.kz

Теннистен Қазақстан құрамасы 12-13 сәуірде Жапонияға қарсы «Билли Джин Кинг кубогының» іріктеу матчын өткізеді. Құраманың құрамы жарияланды, алайда, ол тізімде Елена Рыбакина жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Юрий Щукин бастаған Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы матч үшін келесі ойыншыларды таңдады: Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағандықова.

Жарыс Ariake Coliseum аренасының қатты кортында өтеді. «Билли Джин Кинг кубогының» іріктеу матчтары төрт жеке және бір жұптық кездесулерден тұрады және үш сеттік форматта өтеді.

«Токиода команда жетекшісі Елена Рыбакина өнер көрсетпейді. Биыл Парижде жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Елена төртжылдықтың басты жарыстарына мақсатты дайындықты бұзбау үшін жапондарға қарсы матчты өткізіп жібереді деп шешті. Елена үшін биыл Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсету маңызды болып отыр», - деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.