Футзал: Қазақстан Нидерланд құрамасын ұтты
Бүгінгі ойынды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барып, тамашалады
Қазақстан футзалдан Нидерланд құрамасын ұтты. Матч 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірінші голды Біржан Оразов салды. Ол бірден Қазақстан құрамасын алға шығарды. Екінші голды Дуглас Жуниор соқты.
Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 20 желтоқсан күні Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Румынияға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, бүгінгі ойынды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барып, тамашалады. Мемлекет басшысымен бірге Ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдірді.