$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2023, 09:20
Спорт

Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанады

Ол АҚШ-тағы челленджер жарысының чемпионы атанды

 

Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанады
Фото: ktf.kz

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, әлемнің 247-ракеткасы Жұқаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық, 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.

«Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді – 6:3. Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, алға кетті – 4:2. Допты қатты беретін Б. Бейбіт ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4», - делінген федерация хабарламасында.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.

Серіктес жаңалықтары