15.10.2023, 10:14
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды
Ол қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Фото ашық дереккөзден
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) Розенбергте (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Әлімханұлы орта салмақта неміс боксшысы Винченцо Гуальтиеримен (21-0-1, 7 КО) біріккен жекпе-жек өткізіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы белбеулерін сарапқа салды.
Бұл жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған. Алайда Қазақстан боксшысы алтыншы раунда жекпе-жекті техникалық нокаутпен аяқтады.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында он бесінші рет жеңіске жетіп, WBO белбеуіне IBF атағын да қосып алды. Ал Винченцо Гуальтиери кәсіби рингте алғаш рет жеңіліп, белбеуінен айырылды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді