03.10.2023, 13:25
Спорт
Азия ойындары: велоспедші Алексей Луценко алтын жүлде иегері атанды
Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті
Фото: olympic.kz
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ол 39,6 шақырымдық уақыт бойынша жекелей жарыста үздік атанды.
Луценко қашықтықты 48:05,75 нәтижемен бағындырды.
Қытайлық велошабандоз Сюэ Мин мәреге екінші келді.
Үшінші орынды Винсент Ван Лау (Гонконг) иеленді.
Айта кетсек, Алексей Луценко 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті