$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2023, 11:22
Спорт

Азия ойындары: Қазақстан жеңіл атлетикадан финалға өтті

Финал 2 қазан күні Астана уақытымен 17:45-те өтеді

Азия ойындары: Қазақстан жеңіл атлетикадан финалға өтті
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан қазақстандық Ольга Сафронова финалға өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, О. Сафронова 200 метр қашықтықты 22.79 секундта жүгіріп өтіп, финалға 4-ші нәтижемен шықты.

Отандасымыз бұған дейінгі Азия ойындарында – 2014 жылы алтын, күміс және қола жүлделер алған болатын. Ал 2018 жылы қола медальге қол жеткізді.

Финал 2 қазан күні Астана уақытымен 17:45-те өтеді.

 

Сонымен қатар, Қытайдағы Азия ойындарында байдарка және каноэ есуден Қазақстан құрамасының мүшелері де финалға жолдама алды.

Атап айтқанда, 200 метр қашықтыққа каноэде есуден Мария Бровкова 52.530 уақытпен іріктеу кезеңінде 1-орын алып, финалға шықты.

Ал 500 метр қашықтыққа байдаркада есуден Анастасия Березовская 2:06.783 уақытпен 2-орынға тұрақтап, ақтық кезеңге өтті.

Еске салайық, Ханчжоуда  23 қыркүйекте басталған Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары