29.09.2023, 12:09
Спорт
Азия ойындары: Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шықты
Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17.30-да басталады
Фото: Olympic.kz
Бүгін, 29 қыркүйекте Ханчдоудағы (ҚХР) 2023 жылғы Азия ойындарының таңғы сессиясында жүзуден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшылар келесідей нәтиже көрсетті:
- Әйелдер арасындағы 4х100 аралас эстафетада Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Спдаренко және Диана Тасжанова 4:11,93 уақытпен мәреге жетті. Команда Қазақстан рекордын орнатып, алтыншы нәтижемен финалға шықты;
- София Сподаренко 50 метрлік баттерфляй әдісін 26,45 көрсеткішпен аяқтап, бесінші орыннан финалға өтті;
- 50 метрге брасс әдісімен жүзуде сегізінші нәтижемен Арсен Қожахметов 28.40 көрсеткішпен финалға өтті;
- 800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.
Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17.30-да басталады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
