Бокстан әлем чемпионаты: бүгін екі боксшы алтын үшін таласады
Демалыс күндері барлығы 13 салмақта чемпиондар анықталады
Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Қазақстаннан Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауов алтынға таласады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана уақытымен сағат 18.00-де басталатын додада бірінші болып Санжар Тәшкенбай (48 кг) грузиялық Сахил Алахвердобимен жұдырықтасады.
Әлем чемпионатының финалында үш қазақстандық боксшы өзбекстандықтармен бас жүлдені сарапқа салады. Оның алғашқысы Дулат Бекбауов пен Асадхуджа Муйдинхуджиев арасында өтеді.
Айта кетейік, ертең, 14 мамыр күні сағат 18.00-де басталатын финалда Махмұд Сабырхан (54 кг) Ойбек Джураевпен, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасады. 80 келіге дейінгі салмақта аса қызықты жекпе-жек болғалы тұр. Нұрбек Оралбай Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен қолғап түйістіреді.
Демалыс күндері барлығы 13 салмақта чемпиондар анықталады.