Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді

Автор: Мира Байбек

Бибісара блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды

Фото: Instagram/fide_chess

19 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтегі позициясының артқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Соңғы турнирлерді есептей келе, мен блиц бойынша әлемнің ең үздік шахматшылары арасында үздік бестікке ендім», - деп жазды Ассаубаева Instagram парақшасында.

Еске салайық, Бибісара блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды. Жақында Нью-Делиде (Үндістан) өткен Гран-приде Асаубаева үздік үштікке еніп, Қазақстан мен әлем құрамалары арасындағы матчта әлемнің төрт дүркін чемпионы әрі ФИДЕ рейтингінің әйелдер арасындағы көшбасшысы, қытайлық Хоу Йифанды сенсациялық түрде ұтып кетті.

Оқи отырыңыз: «Үйдегілер орысша сөйлейді»: Бибісара Асаубаева неге қазақша сөйлемейтінін айтты

Бибісара артынша шахматтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанғанын жариялады.