01.05.2023, 12:58
Спорт
Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев Түркияда WBC титулын нокаутпен жеңіп алды
Ол Cтамбулдағы бокс кеші аясында үндістандық Кулдип Сингхпен кездесті
Sports.kz
Еділ Қожамбердиев Түркияда WBC титулын нокаутпен жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (12-2, 12 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті айқасын өткізді. Ол Cтамбулдағы (Түркия) бокс кеші аясында үндістандық Кулдип Сингхпен (8-5-1, 5 КО) кездесті. Крузервейттегі WBC «Таяу шығыс» (WBC Middle East) чемпиондық белбеуі бәске қойылды.
Айқаста Қожамбердиев мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл Еділдің 2021 жылғы желтоқсаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Ол кезде Еділ түрік Хамза Гюнешті (6-1, 4 КО) бірінші раундта жеңіп, бос тұрған бірінші ауыр салмақтағы UBO Intercontinental белбеуін иеленген еді.
Көп оқылған
23.07.2026, 13:15
Актриса Айым Сейітметова күйеуімен ажырасып жатқанын айтты
23.07.2026, 11:12
«Нұрлы жол» вокзалының төбесі ортасына түсті: ҚТЖ не дейді
23.07.2026, 16:12
Астанада нөсер жаңбыр көшелерді суға батырды: жүргізушілер көлік төбесіне шығуға мәжбүр болған (ВИДЕО)
23.07.2026, 20:03
Қазақстандықтарға «Әділет» партиясына қабылданғаны туралы SMS жаппай келе бастады: не болып жатыр?
23.07.2026, 13:58
Қазақстанда 100 дронды қатар басқаратын жүйе сынақтан өтті (ВИДЕО)