$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2023, 09:22
Спорт

Қазақстанда жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтеді

Чемпионат 14-30 шілде аралығында өтпек

Қазақстанда жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтеді
Фото: Ueslei Marcelino - Pool/Getty Images

Шілдеде Астанада жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі хабарлағандай, чемпионат 14-30 шілде аралығында өтеді.

«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты туралы барлық ақпарат, команда делегациясы тізімі, өтінім үлгісі мен кестесі ұлттық федерациялар үшін жақын арада дайын болады. Жастар арасындағы чемпионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысады. Ал 2007 және 2008 жылы дүниеге келген балалар жасөспірімдер арасындағы жарыста бақ сынайды», - делінген ASBC хабарламасында.

Айта кетсек, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін Азия чемпионатын 2016 жылы Павлодарда өткізген болатын. Жеті жылдық үзілістен кейін негізгі оқиға елімізге қайта оралмақ.

Серіктес жаңалықтары