Қазақстан әлем чемпионатында іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты

Бүгін Қазақстан құрамасы финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен ойнайды

Қазақстан әлем чемпионатында іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: ҚТФ

Тениистен Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандықтар ширек финалда Тайбэй командасын ұтты.

Алдымен Анастасия Крымкова Ю Нинг Цайды тізе бүктірді - 5:7, 6:3, 7:5. Бәсеке тартысты өтіп, екі жарым сағатқа созылды.

Екінші ойында Полина Слепцова Ли Я Чуді ойсырата жеңді - 6:0, 6:2.

Бүгін Ярослава Шведованың шәкірттері финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен ойнайды. Олар Гонконгты 2:0 есебімен ұтты.

Азия – Тынық мұхит аймағынан үздік үш команда әлем чемпионатына жолдама алады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.