16.04.2023, 16:42
Спорт
Геннадий Головкиннің рингке оралатын күні белгілі болды
Қазіргі уақытта қазақстандыққа тек IBO атағы тиесілі
Фото ашық дереккөзден
Fighthubtv американдық Youtube-арнасының авторы Маркос Вильегас Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлерден 41 жастағы қазақстандық боксшының болашағы туралы сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Кеше түнде Леффлермен GGG бокстан «белгісіз» үзіліс алғаны туралы сөйлестік. Ол Эрик Моралестің мұны қайдан естігенін білмейтінін айтты. Маған GGG жазда қайта оралуы мүмкін деп ойлайтынын жеткізді», - деп жазды Вильегас Твиттерде.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Геннадий Головкин IBF және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта қазақстандыққа тек IBO атағы тиесілі.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы