25.03.2023, 13:44
Спорт
Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді
Бокс кеші Англияның Болтон қаласында өтті
фото: ашық дереккөзден
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Кazproboxing парақшасына сілтеме жасап.
Зәуірбек аргентиналық Факундо Арсемен шаршы алаңда кездесті.
Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда қазақстандық боксшы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында он төртінші рет жеңіске жетті.
Зәуірбек WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Бұған дейін оған WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулы да тиесілі еді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды