$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2022, 13:22
Спорт

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдегі үздік ондыққа енді

Халықаралық теннис федерациясы құрама командалардың жаңартылған рейтингісін жария етті

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдегі үздік ондыққа енді
фото: sport.insure

Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді. Қазақстан әйелдер құрамасы Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша сынды елдердің алдында тұр. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық қыздар командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетіп, Ұлыбританияны ұтқанымен, Испанияға жол беріп, топтан шыға алмай қалған болатын.

Рейтинг көшін бұрынғыша Аустралия бастап келеді.

Billie Jean King Cup рейтингісінің үздік ондығына мына құрамалар кіреді:

1. Аустралия - 1142;

2. Швейцария - 1041;

3. Испания - 929;

4. Чехия - 922;

5. Франция – 910;

6. Канада - 815;

7. АҚШ - 793;

8. Словакия - 779;

9. Германия - 777;

10. Қазақстан – 739.

Серіктес жаңалықтары