21.11.2022, 05:53
Спорт
Қазақстандық боксшылар WBC рейтингінде ТОП-бестікке кірді
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингі шықты
фото: instagram.com/meiirim.nursultanov
Жаңа рейтингте екі бірдей қазақстандық боксшы үздік бестікке қосылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов оныншы сатыдан, бесінші сатыға көтерілді. Ал орта салмақтағы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан бесінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, 27 жастағы Ахмедов соңғы кездесуін америкалық Габриэль Росадоға қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл кездесуде Ахмедов IBF North America және WBC Silver белбеулерін иеленді.
Ал 29 жастағы Нұрсұлтанов болса қазан айында ақырғы айқасын өткізіп, ұпай бойынша аргентиналық Марсело Эстебан Косерестен айласын асырды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)