21.07.2022, 23:21
Спорт
Әлімханұлы бокс ұйымының шешіміне қатысты мәлімдеме жасады
WBO америкалық Деметриус Андраде мен Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін өткізуді талап етті
фото: Top Rank
Бүкіләлемдік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андрадені белбеуін Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекте қорғауға міндеттеген болатын. Бүгін Жәнібек Әлімханұлының командасы WBO талабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«WBO шешімі шықты. Андрадемен келіссөзге 30 күн уақыт берді. Күтейік, олар не дейді екен! Біз дайынбыз! Ескі оқиға жаңа датамен қайта басталды», - деп жазды қазақстандық боксшы instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, егер тараптар келісе алмаған жағдайда промоутерлік сауда белгіленеді.
Әлімханұлы WBO ұйымының уақытша чемпионы. Бұл белбеуді Жәнібек британиялық Дэнни Дигнуммен айқаста жеңіп алған.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді