18.06.2022, 11:17
Спорт
Қазақстандық файтер миллион долларлық турнирде қарсыласын тізе бүктірді
Артем Резников бразилиялық спортшыдан басым түсті
фото: АСА
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников (22-6) Absolute Championship Akhmat (АСА) турнирінде төртінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Гран-при АСА ширек финалында Резников UFC-де өнер көрсеткен бразилиялық Дави Рамоспен (10-4) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу Сочиде өткен АСА 140 турнирінің басты оқиғасы болды.
Қарсыластар толық бес раунд жұдырықтасып, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Резниковке берді. Осылайша, қазақстандық Гран-при жартылай финалына шықты.
Турнирдің толық қаржылық қоры миллион доллар.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)