Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Azattyq Rýhy

Билли Джин Кинг кубогының рейтингісінде ел құрамасы 9-орынға табан тіреді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
фото: md-eksperiment.org

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды. Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты:

1.Аустралия - 1002,71 ұпай;

 2,Франция - 885,6;

3.Испания - 884,62;

4.Чехия - 842,92;

5.Швейцария - 881,81;

6.Канада - 780,09;

7.АҚШ - 758,09;

8.Словакия - 744,23;

9.Қазақстан - 704,75;

10.Германия - 702,52.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.