24.05.2022, 00:58
Спорт
Әлімханұлынан таяқ жеген боксшы алғаш рет пікір білдірді
Лас-Вегастағы бокс кешінде британиялық Дэнни Дигнум екінші раундта нокатуқа түскен болатын
фото: allboxing
Британиялық Дэнни Дигнум (14-1-1, 8 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (12-0, 8 КО) жеңілгеннен кейін бірінші рет пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мен мықты боксшыға қарсы кездесуде жеңілдім. Жекпе-жекке келісімімді беріп, басымды қатерге тіккенімді алдын ала білдім. Алайда бұл айқастан бас тартқым келмеді. Маған қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға алғыс айтамын. Сонымен қатар, демеушілерге рахметімді айтамын. Жәнібек пен оның командасын құттықтаймын. Ол өте сапалы боксшы. Аздаған үзілістен кейін қайта ораламын", - деді Дигнум.
Көп оқылған
08.08.2026, 07:48
Көкшетауда орындықта қалған алтын бұйымдарды зейнеткер иемденіп кеткен
08.08.2026, 13:45
Атырауда құбыр ауыстыруға бөлінген қаржыны жымқырған 5 адам сотталды
09.08.2026, 15:35
10 тамыз күні ауа райы қандай болады
08.08.2026, 18:00
Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тапты (ВИДЕО)