Экс-әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Azattyq Rýhy

Британиялық боксшы Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын дейді

фото: Reuters

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин әлемнің экс чемпионы британиялық кіші Крис Юбенкпен жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы британиялық спортшы Thaboxingvoice ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.

Геннадий Головкин қыркүйек айында "Канеломен" жекпе-жек өткізе алмаған жағдайда онымен қолғап түйістіргің келе ме деген сауалға жауап берді.

«Головкинге менімен айқас өткізуіне тура келеді деп ойлаймын. Бұл кездесуді жылдар бойы күтіп келемін. Қазір орайы келіп тұрған секілді. Әрдайым үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Ол екі титулды. Сондықтан бізге кездесу ұйымдастыру керек. Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын. Өзіме ыңғайлы орта салмаққа қайта оралдым. Сондықтан өз-өзіме сенімдімін», - деді Крис Юбенк.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.