Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігі басталады
Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

7 мамырда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің оныншы туры басталады. Оныншы тур ойындары екі күнге белгіленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін 7 мамырда төрт кездесу, ал 8 мамырда тағы үш ойын болады. Мамандар аталған турдағы басты ойын ретінде шымкенттік «Ордабасы» мен елордалық «Астана» командалары арасындағы кездесуді атайды. Тоғыз турдан кейін 14 ұпаймен «Астана» үшінші орында тұрса, «Ордабасы» дәл сондай ұпаймен әзірге төртінші орында келеді.
Кездесу бүгін елорда уақытымен 18:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Оныншы турдағы өзге ойындар кестесі төмендегіше:
7 мамыр
16.00. «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тараз». «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
20.00. «Қайрат» (Алматы) пен «Атырау». «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
20.00. «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақсу» (Павлодар облысы)
8 мамыр
15.00. «Ақжайық» (Орал) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы). 17.00. «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе». «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
19.00. «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды). «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир кестесінде «Тараз», «Каспий» және «Астана» командалары көш бастап келеді.