19.04.2022, 13:58
Спорт
Қазақстандық төрт балуан грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты
Ұлан-Баторда Азия чемпионаты өтіп жатыр
Фото: olympic.kz
Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде төрт қазақстандық балуан финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрлықтық біріншіліктің алғашқы күнінде грек-рим күресінен 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар боз кілемге шықты. Іріктеу кезеңінде Қазақстан сапынан Аманғали Бекболатов, Мирамбек Айнағұлов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов финалға шықса, Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Финал елорда уақытыман сағат 16:00-де басталады.
Қазақстандық спортшылардың финалдық кезеңдегі қарсыластары келесідей болмақ:
Финал
- 55 келі: Аманғали Бекболатов - Ю ШИОТАНИ (Жапония)
- 63 келі: Мирамбек Айнағұлов - Тынар Шаршенбеков (Қырғызстан)
- 77 келі: Ақжол Махмудов (Қырғызстан) - Мақсат Ережепов
- 130 келі: КИМ Минсок (Оңтүстік Корея) - Әлімхан Сыздықов
- Жұбаныш финалы (қола жүлде үшін белдесу)
- 87 келі: Мелис Айтбеков (Қырғызстан) - Нұрсұлтан Тұрсынов
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды