14.04.2022, 20:42
Спорт
Қазақстанда кәсіпқой футзал лигасы құрылды
Лига президенті болып Асқар Әбілдаев сайланды
фото: kff.kz
Мұндай шешім Қазақстан футбол федерациясының қабырғасында өткен елімізде футзалды дамыту бойынша жиында қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шешімді футзалдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының барлық клубтары қолдады.
Лига президенті лауазымына Асқар Әбілдаев сайланды. Ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының футзал департаментін басқарған.
Ұйымның негізгі қызметі футзалдан ішкі жарыстарды ұйымдастыру болмақ: OLIMPBET-ҚР Чемпионаты, OLIMPBET-ҚР Кубогы, OLIMPBET-ҚР Суперкубогы, сонымен қатар барлық жас ерекшеліктері бойынша ел біріншіліктері (U-13, U-15, U-17).
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды