12.04.2022, 22:42
Спорт
Жас теннисшілер әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды
фото ҚТФ баспасөз қызметінен
Үндістанның Нью-Дели қаласында теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Davis Cup кубогы іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты.
Бірінші ойында Әмір Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0. Тартысты өрбіген екінші матчта Данир Қалдыбеков те үмітті ақтады – 2:6, 6:2, 6:3. Ештеңені шешпейтін үшінші бәсекеде Ә.Омарханов пен Виталий Зацепин ұтылып қалды.
Ертең қазақстандықтар D тобындағы соңғы матчын Таиландпен өткізеді. Ширек финал жеребесі 13 сәуір күні кешкісін тартылады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды