23.03.2022, 11:58
Спорт
Юлия Путинцева Miami Open турнирін жеңістен бастады
Келесі айналымда ол чех Маркета Вондорушевамен кездеседі
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 Miami Open presented by Itaú турнирін жеңіспен бастады деп жазады Vesti.kz
Алғашқы айналымда жерлесіміз неміс теннисшісі Настасья-Мариана Шункпен кездесіп, үш сетте жеңіске жетті, есеп 4:6, 6:3, 6:1. Матч екі сағатқа созылды.
Айта кетейік, Юлия Путинцева WTA рейтингінде 47-орында тұрса, неміс теннисшісі 243-сатыға жайғасқан.
Екінші айналымда Путинцева 22 жастағы чех Маркета Вондорушевамен кездеседі. Ол рейтингте 33-орында тұр.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
