17.03.2022, 14:39
Спорт
Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты
Финалдық бәсеке 19 наурыз күні өтеді
Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Тайландта Азия кубогінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл күндері Пхукетте садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық садақ түрінен командалық жарыстың финалына шықты. Отандастарымыз финалда Үндістан құрамасымен кездеседі.
Қазақстан құрамасы сапынан Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Дәулеткелді Жаңбырбай бақ сынап жатыр.
Айта кетерлігі, финалдық бәсеке 19 наурыз күні өтеді.
Көп оқылған
12.09.2026, 08:54
Тоқ соқты ма, әлде инсульт па: Атырау облысында медпункт күзетшісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
12.09.2026, 20:18
Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті (ВИДЕО)
12.09.2026, 07:26
Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады