$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2022, 12:19
Спорт

Головкин қарсыласымен жекпе-жегінің шегерілуі және карьерасын аяқтау туралы айтты

Головкин мен жапониялық боксшы Риота Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде өтеді

Головкин қарсыласымен жекпе-жегінің шегерілуі және карьерасын аяқтау туралы айтты
Фото ашық дереккөзден

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жектің қиындықтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 9 сәуір Сайтамада (Жапония) өтеді.

– Жекпе-жек обьективті себеппен шегерілді – ковид салдарынан. Дегенмен айқасты тура өтер алдында шегергені қаншалықты ауыр тиеді. Яғни барынша дайындалып, артынан бәрін тоқтату керек болғаны?

– Дұрыс айтасыз. Дайындық созылып кетті және ұзақ уақытқа. Желтоқсанда бабыма келдім. Одан кейін ақпанға ауыстырды, оған дайындалдым. Енді бәрі сәуірге шегерілді. Көңілге бір демеу болары, ол екеуміз де осы жағдайда екеніміз және бұл біздің кінәмізден еместігі. Алайда екінші жағынан желтоқсанда бабыңа келіп, осы уақытқа дейін екі-үш жекпе-жек өткізіп тастауға болатыныңды білген. Міне бұл өкінішті.

– Жекпе-жек шегерілгеннен кейін карьераңызды аяқтау туралы ойладыңыз ба?

– Жоқ, ондай ой болған жоқ. Дегенмен сол жағдайда және нарықтағы өзгерістерді есепке алсақ, менің кез келген шешімім оң болар еді.

Серіктес жаңалықтары