Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты
Оның келесі қарсыласы – швейцариялық Виктория Голубич
Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 51-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен кездесті. Жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына бағаланған осы жарыстың екінші айналымында швейцариялық спортшы тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны тартысты ойында жеңіп кеткен болатын.
Ю.Путинцеваның кеткен есесін Е.Рыбакина қайтарды. Ол 1,5 сағат уақытқа созылған кездесуде қарсыласын 7:6 (7:5), 6:2 есебімен қапы қалдырды. Елена 5 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. В.Голубич 2 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жаза алды.
Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен таласады.