01.03.2022, 16:33
Спорт
Паралимпиада: қазақстандық спортшылар Чжанцзякоудағы жаттығу жиынына кірісті
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық паралимпиадашылар Чжанцзякоудағы жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитеті.
Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар екі спорт түрінен сынға түседі. Олар пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бақ сынайды. Команда құрамына бес спортшы кірген. Олар – Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.
Айта кетелік, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады.
Пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Бейжің ойындарында Қазақстанның туын ұстап шығады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді