Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына орай қазақ күресінен турнир өтіп жатыр

Azattyq Rýhy

Жарыстың жеңімпазына көлік беріледі

Түркістанда Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарыста Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген 200-ден астам балуан күш сынасады. «Керуен сарай» əмбебап орталығындағы «Арена шоу» кешенінде өтіп жатқан жарыстың жеңімпазына көлік беріледі.

Жарысқа алғаш рет қатысып жатқан балуандар да аз бар. Балуанның немересі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Шаттық Қажымұқан да турнирге арнайы келді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген батыр бабамыздың 150 жылдығын насихаттау Түркістан облысында кең ауқымда жүріп жатыр. Жарыстың барлық қатысушыларына даңқты балуан жайлы жазылған кітап беріліп, тарихи мұражайы ашылады.

«Қажымұқан бабамыз қазақ күресін әлемдік аренада дамытқан бірден бір  тұлға. Жыл  сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан бұл турнирдің маңызды зор. Мұндай жарыстардың көп өтуі қазақ күресінің әлемдік деңгейде танылуына мүмкіндік береді», - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.    

Жарыстың ашылуы барысында батыр баба туралы түсірілген телефильм көпшілік назарына ұсынылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.