$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2021, 09:39
Спорт

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кетуі мүмкін

Оның орнына «Қазақмыс» басшысының бұрынғы орынбасары тағайындалуы мүмкін

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кетуі мүмкін

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтқожин желтоқсан айында қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет мәлім етті, деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жолдастық матчтан кейін Азамат Айтхожин мен ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов екеуі ұлттық құраманың киім ауыстыратын бөлмесіне кірген. Тоғжановтың ойыншылар бөлмесіне не себепті кіргені белгісіз, алайда ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин футболшыларға кездесуден кейін алғысын білдіріп, қызметінен кететінін айтқан.

Дереккөздің жазуынша, оның отставкаға кетуі ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековпен әлі келісілмеген, ол әлі көмекшісінің кетуіне келісім бермеген.

«Айтхожиннің орнына «Қазақмыс» басшысының бұрынғы орынбасары – Әділет Барменқұлов келуі мүмкін. Ол соңғы жарты жылда федерацияның атқарушы комитетінің мүшесі болып қызмет етеді. Сонымен қатар, қарағандылық «Шахтердің» директорлар кеңесінің басшысы қызметін атқарады», - деп жазады vesti.kz.

Серіктес жаңалықтары