Бүгін екі боксшымыз әлем чемпионатында алтын медальға таласады

Azattyq Rýhy

Чемпионаттың тікелей эфирін түнгі сағат 23:00-де тамашалауға болады

©olympic.kz

Бүгін, 6 қарашада Белградтағы әлем чемпионатында кезекті финалдық айқастар өтеді. Қазақстан атынан рингке екі боксшы шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

51 келіде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов америкалық Роско Хиллмен, ал 57 келідегі Серік Теміржанов АҚШ елінің өзге өкілі Джамал Харвимен жұдырықтасады.

Әлем чемпионатының тікелей эфирін түнгі сағат 23:00-де Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

23:00. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Роско Хилл (АҚШ)

23:15. Серік Теміржанов (Қазақстан) - Джамал Харви (АҚШ).

Еске салсақ, 5 қарашада өткен финалда 48 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов таиландтық Вуттичай Юрачайды ұтып, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ финалда 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан жапондық Тамоя Цубойға есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.

Ал жартылай финалға жеткен 67 келі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов жапониялық Севонрец Окадзавадан ұпай санымен ұтылып, қола жүлде иегері атанды.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.