Ұлттық құрама Паралимпиада ойындарының дайындығына кірісті
Биылғы байрақты бәсекеге жерлестеріміз 25 лицензия жеңіп алған
Бірер күннен кейін Токиода Паралимпиада ойындары басталады. Осыған байланысты әлемдегі мыңдаған спортшы жапон астанасына ағылып жатыр. Олардың арасында біздің құрама да бар, деп хабарлады деп хабарлайды Azattyq Rýhy Елорда Инфоға сілтеме жасап.
Қазақстан өкілдері ПТР тест тапсырып, арнайы тіркеуден өтті. Одан кейін олимпиадалық қалашыққа орналасты. Енді біртіндеп дайындыққа ден қоя бастаған.
Еске сала кетсек, биылғы байрақты бәсекеге жерлестеріміз 25 лицензия жеңіп алған еді. Оның ішінде жүзуден 7, дзюдодан 6 және пауэрлифтингтен 5 жолдамамыз бар. Оған қоса қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, таэквондо, ескек есу және оқ ату бағыттары бойынша да сынға түспек. Алғашқы бәсеке 25 тамызда басталып, қазақстандық спортшылар арасынан ең бірінші болып жүзу шеберлері сайысқа түсетін болды.
«Ең бастысы, барлығы дін-аман. Көңіл-күйіміз жақсы. Әрине, тест тапсыру, тіркеуден өту не басқа да қағазбастылыққа қатысты мәселелер біраз уақыт алады. Бірақ оған түсіністікпен қараймыз. Өйткені бұл – ең алдымен біздің қауіпсіздігімізге қатысты шаралар. Енді жаттығуды пысықтап, ел абыройын асқақтауымыз қажет», – дейді ұлттық құраманың мүшесі Зүлфия Ғабидуллина.