13.08.2021, 16:35
Спорт
Токиодан қола жүлдемен оралған 8 спортшыға мемлекеттік награда табысталды
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Токио-2020 жазғы Олимпиадасынан алтын медальсіз оралды
Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістігі үшін бірнеше спортшы мемлекеттік наградамен марапатталды.
- Елдос Сметов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен;
- Зүлфия Чиншанло ІІ дәрежелі «Достық» орденімен;
- Дархан Асәділов, Софья Берульцева, Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрислам Санаев және Игроь Сон «Құрмет» орденімен марапатталды.
Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Токио-2020 жазғы Олимпиадасынан алтын медальсіз оралды. Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары сегіз қола медаль жеңіп алды. Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло (ауыр атлеттер), Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов (боксшылар), Нұрислам Санаев (еркін күрес), Дархан Асаділов пен Софья Берульцева (каратэ) жеңіп алды.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
