13.08.2021, 10:15
Спорт
«Қайрат» клубының бас бапкері отставкаға кетті
Кирилл Кекер клуб басшылығына алғысын айтты
Кирилл Кекер, фото: fckairat.com
«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер алматылық ұжымның «Алашкерт» командасына қарсы сәтсіз ойынынан кейін отставкаға кету туралы өтініш берді.
«Өкінішке қарай, көздеген нәтижеге қол жеткізе алмадық. Осыған байланысты клубтың бас бапкері міндетінен кету туралы шешім қабылдадым. Алматылық клубтың бас бапкері міндетін сеніп тапсырған команда басшылығына алғысымды айтамын», - деді Кирилл Кекер.
Алдағы «Қайрат» пен «Каспий» клубтары арасындағы матчта алматылық ұжымның бас бапкері міндетін Артем Гавриленко атқарады.
Еске салайық, 12 тамызда Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» командасы армениялық «Алашкерт» клубынан 3:2 есебімен жеңіліп қалды.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды